375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда халықаралық үшінші медиа форум аяқталды

  • 1096
  • UPD: 12:10, 23.05.2018

Жиынға отандық танымал журналистер мен шет мемлекеттерден де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Сананың ашықтығы» деп аталған форумда медиа саласындағы бірқатар мәселе талқыланды.

ІІІ халықаралық медиа форумның бірінші күнінде көрерменге танымал тележурналистер шеберлік сабағын өткізді. Олардың арасында біздің әріптестеріміз де болды. Жиынның негізгі тақырыбы «Қоғамды рухани жаңғыртудағы журналистердің рөлі» туралы пікірталасқа Парламент депутаттары, этно-мәдени орталықтардың баспасөз қызметінің өкілдері және студенттер қатысып, ойларын ортаға салды.

Қымбат Хангелдина, тележүргізуші:

– Журналистер жаңа технологияны, өзге тілді, түрлі мәдениетті өзгеден жақсы білуі керек. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бүгінгі форумға қатысып отырған журналистер өз саласының нағыз мамандары.

Медиа форумның екінші күнінде журналистер сананың ашықтығы, журналистік этика және көпұлтты ортада масс медианы дамыту мәселелерін талқылады. Жиынға Германия, Латвия, Ресей және Өзбекстаннан келген журналистер де қатысты. 

Константин Шамбер, жеке кәсіпкер: /Германия/

Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, әр ұлттың мәдениетін, тілін, өнерін құрметтеу керек. Ал бұқаралық ақпарат құралдары осы тақырыптарды өзгелерге білімді жеткізе білу керек.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі ұлттар достығы мен татулығын ту етсе, бұқаралық ақпарат құралдары сол ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы туралы жазғанда сақ болу керек екенін айтады сала мамандары.

Дархан Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары:

- Осындай алаңдар маман даярлауда және болашақ журналистерімізді дұрыс бағытқа, ұлтаралық, этносаралық мәселелердің шешілуіне қажет. Мұқият жазу, сөздің құдіретін түсіну деген мәселенің барлығы осындай алаңдарда әңгіме болады.

Форум соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер арасында жыл сайын өткізетін «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбжанов, Ермек Абдрахманов

Хабар 24 телеарнасы