378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

  • 564
  • UPD: 09:40, 18.11.2017

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында Жетісу кубогы үшін волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Тыва, Бурятия, Моңғолия және Өзбекстан мемлекеттерінің командалары келген. Үш күнге созылатын бұл турнирге келушілер ала допты алақанда ойнатқан бұрынғы волейболшылар қазіргі спорт ардагерлерінің де шеберлігіне куә болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қарашаның 19-ы күні анықталады.

Сергей Глотов, жарысқа қатысушы /РФ/:

- Талдықорғанға бірінші рет келіп тұрмын. Бұл – біз үшін өте маңызды жарыс. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Арамызда кезінде Қазақстан құрама командасының сапында өнер көрсеткен волейболшылар бар. Ал спортшылар жарысқа жеңілемін деп келмейді, жеңемін деп келеді. Сондықтан турнир өте тартысты өтеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы