383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстанда «Жауынгерлік бауырластық-2017» оқу-жаттығуы аяқталды

  • 470
  • UPD: 21:02, 18.11.2017

Тәжікстанда бір жарым айға созылған «Жауынгерлік бауырластық-2017» оқу-жаттығуы аяқталды.

Оған еліміздің атынан қатысқан әскерилер кезекті рет дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Шараға Қазақстаннан өзге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскерилері қатысты. Жаттығу барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің жауынгерлері басқару органдарының үйлесе жұмыс істеу тәсілдері мен таулы жерлердегі қарулы қақтығыстарды жою әдістерін, бірлескен тәжірибелік іс-қимылдар арқылы паш етілді. Шараның шешуші кезеңі тәжік-ауған шекарасынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан «Харбмайдон» полигонында өтті. Әскери қызметкерлердің үздіктері марапаттауға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы