386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кәсіпкерлікке көмек көрсетудің оңтайлы тетіктері талқыланды

  • 715
  • UPD: 09:49, 20.11.2017

Атырауда кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында былтыр өңірлік үйлестіру кеңсесі арқылы 89 жоба мақұлданған.

Биыл 12 жарым миллиард теңгенің 172 жобасы мемлекет тарпынан қолдау тапты. Олардың ішінде мемлекеттік грант арқылы қаржы алған кәсіп иелері жетерлік.

Сондай-ақ жергілікті билік ауыл шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтар үшін облыстық бюджеттен берілетін шағын несиенің көлемін ұлғайтып отыр. Атырауда өткен бизнес-мәслихатта кәсіпкерлікке жан-жақты көмек көрсетудің оңтайлы тетіктері жан-жақты талқыға салынды.

Гүлзада  Қайырғалиева, кәсіпкерлік және ИИД басқармасы басшысының орынбасары :

– Жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге бөлінді. Осы ШОБ жобаларын қаржыландыруға. Жалпы осы бағдарламаның барлығы да тиімді дамуда. Бүгінгі кездесудің негізінде ШОБ дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы