389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері Қырғызстанға 137 рет ескерту құжаты жіберілген

  • 605
  • UPD: 19:40, 21.11.2017

Қазақстанға Қырғыз елінен талапқа сай келмейтін ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау деректері тыйылмай тұр.

Фитосанитарлық талаптарды орындамағаны үшін көрші елге жыл басынан бері 137 рет ескерту құжаты жіберілген.

«Одан нәтиже шығар емес», – дейді мамандар. Мәселен, Жамбыл облысында бір тәуіліктің ішінде мың тоннаға жуық тауар тексерілген. Нәтижесінде өнімдерден шығыстың жеміс жемірі, комсток сымыры, арам сояу сияқты қауіпті зиянкестер анықталды.

Кейбір заттарда арнайы таңбалары да болмай шыққан. 10  автокөлікке тиелген 140 тоннадан астам осындай өнім кері қайтарылды. Ал жалпы жыл басынан бері бұл көрсеткіш екі жарым мың тоннаға жетіп отыр.

Нұрби Жігітеков, ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық инспекция басшысы:

Қырғызстан Республикасы фитосанитарлық талаптарды әлі орындамай жатыр. Заңбұзушылықтар әлі күнге дейін анықталып отыр. Қараша айының өзінде қазіргі күнге 98 заңбұзушылық тіркеліп отыр. Оның ішінде 52 карантиндік нысан анықталды.

Хабар 24 телеарнасы