384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы отандық кәсіпкерлердің тауарын шетелге шығаруға мүмкіндік артады

  • 444
  • UPD: 21:53, 21.11.2017

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігін толық пайдаланып отырған жоқ.

Бұл олқылықтың орнын келесі жылдан бастап күшіне енетін Кеден кодексі  толтырмақ.

Бұл туралы «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған отырыста айтылды. Шарт бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз етуді көздейді. Яғни электрондық түрде кеден декларациясын беру мүмкіндігі артады. Тауарды шығару, құжатты тіркеу жеңілдей түседі. Бұл қазақстандық кәсіпкерлердің тауарын шетелге шығаруына мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар бизнес иелерінің өнім көлемін көбейте түсуіне де оң әсерін тигізбек. Парламент сенатының экономикалық саясат инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті заң жобасын палата қарауына ұсынды. 

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комитет төрағасы:

– Кеден Одағының Кеден кодексін қабылдағаннан кейін соның ішінен түйткіл мәселелерді іздеп жүрмес үшін 350-ден астам ұсыныстарды өзіміздің қазақстандық Кеден кодексінің ішінде бәрін жаздық. Оның ішінде бәрі түсінікті. Қолданысқа ыңғайлы түрде жазылды. Яғни біздің кәсіпкерлер барлық мәселені соның ішінен табады.

Хабар 24 телеарнасы