386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды еңбек биржасы іске қосылды

  • 1189
  • UPD: 21:53, 21.11.2017

Елімізде бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.

Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Оның айтуынша, бұл ресурста жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге қажетті барлық ақпарат жинақталады.

«Осындай жаңашылдықтың арқасында 2025 жылға дейін қызметке орналасатындар саны 10 пайызға артады» деген болжам бар.  

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Бірыңғай электронды биржадағы ақпарат жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына жіберіледі. Нәтижесінде әр адамның мәртебесі жайлы мәлімет біздің қолымызда болады. Жұмысқа мұқтаж азаматтарды мемлекеттік кірістер комитетінде тіркеу процесі біршама жеңілдейді. Сондай-ақ жаңа жүйе қағаз күйіндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуға мүмкіндік береді.

 

Хабар 24 телеарнасы