384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық-құтқару пункттерінің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды

  • 883
  • UPD: 09:51, 22.11.2017
Медициналық-құтқару пункттерінің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды

2017-2018 жылғы қысқы кезеңде өткен жылдардағыдай ҚР ІІМ ТЖК Медициналық-құтқару орталығының апаттық-құтқару пункттері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

2016-2017 жылғы қысқы кезеңде жолдардағы медициналық-құтқару пункттерінің қызметкерлері 3 жүкті әйел және қант диабеті диагнозымен ауыратын ауыр науқастард мен 700-ден астам адам, оның ішінде 50 бала қардан құтқарылды.

Медициналық-құтқару пункттері Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Саламатты Қазақстан 2011-2015 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды.

Елімізде барлығы 40 медициналық-құтқару пункті бар. Қызметкерлер «алтын сағат» ережесін сақтай отырып, төтенше жағдай орнына 20-25 минутта келеді.

Хабар 24 телеарнасы