376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда әдеп кодексін аяқасты еткендер анықталды

  • 795
  • UPD: 10:42, 22.11.2017

Атырауда мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілерінен әдеп кодексі нормаларына сай келмейтін суреттер табылды.

Мұндай фактілер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған. Яғни мемлекеттік қызметкерлер этикаға сай келмейтін фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялаған. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтылды.

Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі облыстық департаментінің басшысы:

– 263 мемлекеттік қызметшіге қатысты әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізіліп, 14 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желісінен мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі нормаларына нұқсан келтіретін суреттер жарияланғаны анықталды. Әдептен тыс фото немесе видеоларды жүктейтін болса, оларды өшіру талап етіледі.

Хабар 24 телеарнасы