378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің шығысында бұғы мен марал саны көбейеді

  • 1437
  • UPD: 11:41, 22.11.2017

Бұл үшін жануарларды Австралия, Қытай, Жаңа Зеландия тәжірибесінде нәтиже берген жасанды жолмен төлдету әдісі пайдаланылмақ.

Қазақстан мен ТМД елдеріндегі жаңашылдықтың тиімділігі зор. Сол үшін республикалық марал шаруашылығы палатасының өкілдері Шығыс Қазақстандағы шаруаларға шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр. Жасанды ұрықтандыру тәсілдерін үйретуге қытайлық мамандар шақыртылған.

Нұрлан Тоқтаров, республикалық марал шаруашылығы палатасының төрағасы:

– Марал шаруашылығындағы ең үлкен мәселе – жылда төл алудың саны төмендеп, азаюы. Орта есеппен алғанда, 116 бастан 35-38 төл алынады. Бұл мүлде төмен. Сондықтан басқа жолдарын іздеп жатырмыз.

Чан Чау Мин, марал өсіру бойынша маман: /Қытай/

– Қолға алынған жұмыстар нәтижесін беріп жатыр. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Қазір маралды төлдету 90 пайызға жетті. Оған қоса ала бұғы мен қарапайым бұғыны будандастырдық. Себебі ала бұғының мүйізі бағалы. Ал Шығыс Қазақстандағы пантылардың сапасы әлемде үздік. Себебі мұндағы бұғылар еркін жайылады. Сондықтан осы сапаны сақтап, өнім көлемін арттыру маңызды.

Хабар 24 телеарнасы