385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 150-ден астам қылмыс иттердің көмегімен ашылды

  • 505
  • UPD: 11:42, 22.11.2017

Алматы облысының ішкі істер департаменті құрған кинологиялық орталық иттердің көмегімен 150-ден астам қылмысты әшкереледі.

Мұнда тек бір ғана иттің өзі екі жылдың ішінде 44 қылмыстың ашылуына себепкер болған. Оның көпшілігі ұрлыққа қатысты. Сонымен қатар есірткіге қатысты істер бар. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 80 келіден асады. Қазір кинологиялық орталықта овчарка, малинуа, лабрадор, спаниел тұқымды 23 ит бар. Ал полицияның аудандық және қалалық бөлімдерінде тағы 20 ит үйретіліп жатыр.

Марат Рамазанов, облыстық ІІД кинологиялық қызмет орталығының аға инспекторы:

– Бір жыл бұрын бізде иттердің күшіктейтін орыны ашылған. Демек иттерді басқа жақтан сатып әкелудің қажеті жоқ. Өзіміз күшіктетеміз. Өсіріп, үйретеміз, сосын қызметімізге пайдаланамыз.

Хабар 24 телеарнасы