386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар азық-түлік қорын барынша қамдап алды

  • 443
  • UPD: 18:42, 22.11.2017

Былтыр көктемде кейбір тағам түрлерінің бағасы күрт көтерілгендігі мәлім.

Енді ондай өсімге жол бермеу үшін тұрақтандыру қорына өткен жылға қарағанда 4 есе көп картоп, екі есе артық ет сатып алынды. Оның сыртында алғашқы рет сүт, сары май қоры дайындалды. Жалпы бұл мақсатқа 600 миллион теңге жұмсалған. «Қолда бар азық-түлік қоры келер жылдың шілде айына дейін жетеді», – дейді сала мамандары.

Әділбек Оразбаев, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

– Көктемде картопқа үлкен сұраныс туындады. Ақпан, наурыз айларында сиыр еті қымбаттап кетті. Сүт өнімдеріне де тапшылық байқалды. Биыл ондай жағдайлардың алдын алып отырмыз. Қазіргі тұрақтандыру қорындағы 3,5 мың тонна азық-түлік жаз мезгіліне дейін бағаны тұрақты ұстауға толық жетеді.

Хабар 24 телеарнасы