384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық жастар «Жыр керуені» эстафетасына қатысып жатыр

  • 753
  • UPD: 11:45, 23.11.2017

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына сырбойылық жасөспірімдер ерекше үн қосып отыр.

Жас толқын жеткіншектер әлеуметтік желіде «Жыр керуені» өлең сайысына қатысып жатыр. Екі апта бұрын ғана Өңірлік коммуникациялар қызметінің бастамасымен шымылдығы түрілген поэзиялық эстафетаның қазірде географиясы кеңейе түскен. Сыр өңірінен бөлек  Ақтау, Атырау, Астана, Алматы қалаларынан да қатысып жатыр. Әдеби акцияға әсіресе 17 үйірмеге баулитын Арал аудандық оқушылар үйінің мыңға тарта өнерлі өрені белсенді қатысу үстінде. Жас буын өкілдері Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін жырымен жеткізіп жатыр. Ұлттық өнерді ұлықтаған акцияға қатысу оп-оңай. Көңіліңіз қалаған отандық ақынның немесе өз туындыңызды оқып, бейнежазбаны #жыркеруені# хэштегімен әлеуметтік желіге жүктеп, келесі адамға эстафетаның жыр таяқшасын ұсынсаңыз болғаны.

Әділет Тәңірберген, эстафетаға қатысушы: 

- Жырым бар нәзік гүлге арнаған,

Күн туса бірақ ұрған боран,

Отаным саған қорған болам.

Тайсалмай алға жырмен барам,

Мен сенің Отан туған балам.

Жангира Әлжанова, эстафетаға қатысушы: 

- Мақтаймын Туымды, Гербімді,

Отаным Қазақстанды мақтаймын.

Отаным – достықтың отаны.

Ей, қазақ, аттан түс, қонақ бол,

Жақының, жат емес басқа бұл.

Қасиетті жерімде, елімде 

Халықтар мәңгілік дос бауыр.

Хабар 24 телеарнасы