378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО фермерлері ағын су мен қаражат тапшылығын көрген

  • 803
  • UPD: 11:44, 23.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері биыл ағын су тапшылығын көрген.

Шаруалардың мәселесі бір бұл емес. Микроқаржылық ұйымдармен банктерден несие алуда қағазбастылық кесірінен қажетті қаражатқа қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы Шымкентте өткен фермерлер одағының жиынында айтылды. Онда агроөнеркәсіп кешенінің дамуына кедергі болып отырған мәселелер ортаға талқыланды. Мәселен, сарыағаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап жатқандығын жеткізді. Ал мақтааралдық диқандар бақша дақылдарына мемлекеттен субсидия берілсе деген талап-тілектерін айтты. Шаруалар осы саланы қаржылай қолдайтын «Агробанк» құрылса деген ниетте. Еліміздің бас фермері Әуезхан Дарынов: «осында айтылған ұсыныс-тілектер жауапты мемлекеттік органдарға жеткізіледі», – дейді.

Әуезхан Дарынов, Қазақстан фермерлер одағының президенті:

- Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп проблема – су мәселесі. Көбінесе несиеге қолжетімділіктің шамалылығы дейміз бе, аздығы дейміз бе? Бюрократия бар. Өйткені бірнеше рет барады, орнында болмайды деген сияқты мәселелер бар. Біз оларды облыс, республикадағы басшыларымен шешіп жатырмыз.

Әбдімүтәліп Нарымбетов, ауылшаруашылық кооперативінің төрағасы: 

- Ауылшаруашылық кооперативін құрып, ауылды ірілендіріп, жаңа саясатпен жұмыс бастағанбыз. Сол бастамаларымыз өз деңгейінде болмай, кооперативтердің өз жұмысын ары қарай жалғастырып кетуілеріне мүмкіншіліктері болмай тұр. Қаржы жүйесі өз деңгейінде шешілмеген. Шаруалар соған алаңдаулы.

Хабар 24 телеарнасы