385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда театр, кітапхана мен мұражай салынады

  • 720
  • UPD: 14:39, 23.11.2017

Келер жылы Ақтауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен драма театр, кітапхана мен мұражайдың құрылысы басталады.

Мәдени нысандар демеушілердің көмегімен тұрғызылады. Бұл туралы Маңғыстаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында айтылды. Елдегі этносаралық татулықтың нығаюына атсалысып келе жатқан Ассамблея мүшелері туған жерді түлетуге де барынша үлес қосып жатыр. Биыл олар 4 млрд теңгеге түрлі көмек көрсеткен. Мәселен, қырғыз этномәдени бірлестігі Ақтаудың бірнеше жеріне ағаш отырғызып, гүл егіп берсе, әзербайжан, шешен-ингуш бірлестіктері көпбалалы аналар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек жасады. Ассамблея мүшелері мұндай игі істерді алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетте. Алқалы жиында бірқатар азамат «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстырды.

Елена Ким, кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі: 

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі таңда жастар жан-жақты дамыған, мобильді болуы керек екенін атап көрсетті. Қазіргі таңда итальяндық көлік компаниясында логист болып жұмыс істеймін. Компания отандық өнімдерді өзге елге экспорттау арқылы ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып отыр. Елбасы айтқандай, табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім. Мысалы, менің 4 тілді білуім жұмысымды жеңілдетеді.

Хабар 24 телеарнасы