375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық пен айыппұл төлемегендер енді көліктерінен айырылады

  • 614
  • UPD: 20:10, 23.11.2017

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша Алматыда 4,4 млрд теңгенің көлік салығы төленбеген.

Борышкерлерді тәртіпке шақыру мақсатында қазір арнайы рейд жүріп жатыр. Көлігі тәркіленгеннен кейін де қарызын өтемеген тұрғындардың темір тұлпары бәссаудаға шығарылмақ. Айта кетейік, бір ғана Алмалы ауданы бойынша 7 мыңнан аса борышкердің ісі сотқа жіберілген. Олардың жалпы қарызы 997 млн теңгеге жетті. Ал Медеу ауданында екі жарым мың тұрғын апта басынан бері 600 млн теңге сомасында көлік салығын өтеген. 

Хабар 24 телеарнасы