384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық делегация Голливудтың үздік кинокомпанияларының басшыларымен кездесті

  • 529
  • UPD: 20:13, 23.11.2017

Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған қазақстандық делегация АҚШ-қа барып, Голливудта әлемнің үздік кинокомпанияларының басшыларымен келіссөз жүргізді.

Кездесу Лос-Анджелес қаласында Қазақстан мәдениеті мен киносы күндері шеңберінде өтті. Делегация шетелдік әріптестерімен кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық мәслелерін талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жағын қарастырды.

Ричард Смоткин, Сomcast/ NBC Universal бас кеңесшісі:

– Біз өзге елдермен тығыз байланыс орнатуға әрқашан дайынбыз. Киноиндустрия – ең қарқынды дамушы саланың бірі. «Universal» студиясы жаңа әріптестерге мүдделі. Ал Қазақстанды әлеуеті зор серіктес деп білеміз.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Біз халықаралық компаниялардың тәжірибесін пайдалануымыз керек және ірі бірлестіктердің өз үздік туындыларын Қазақстанға келіп түсіргенін қалаймыз. Бұл – ең алдымен инвестиция. Біз озық технологияны үйреніп, игереміз. Сондай-ақ «Қазақфильм» студиясының мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейміз.

Хабар 24 телеарнасы