383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық байқау басталады

  • 574
  • UPD: 22:07, 23.11.2017

Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты республикалық байқау туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Бас Прокурордың кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина хабарлады.

Ведомствоаралық байқауға Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер және қорғаныс министрліктері, мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері қатыспақ. 6 команда 2 айналым бойынша жарысады. Біріншісінде қатысушылар мемлекеттік органның қызметі мен рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан нақты жұмыстарын атаса, екіншісінде тақырыпқа сай сахналандырылған көрініс қояды.

Нұргүл Қарағойшина, ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі:

– Біздің мақсатымыз сайысу, жарысу, таласу емес, бірлесе отырып, осы органдардың шын мәнінде мемлекетке, халыққа қызмет ететін ұлттық жаңғыру мен ұлттық санаға әсер ету күшінің бар екенін және біз Елбасымыздың осы бағыттағы саясатын қолдауға, шын мәнінде ықыласты екенімізді көрсету болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы