389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 100-ге жуық нысан жылусыз қалды

  • 464
  • UPD: 23:32, 23.11.2017

Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысындағы құбыр жарылып, жүзге жуық нысан жылусыз қалды.

Оның 55-сі әкімшілік, төртеуі – әлеуметтік ғимарат болса, қалғаны – жеке тұрғын үйлер. Апатты жағдайға байланысты жылу беру тоқтатылған. «Сыр берген құбырлардың пайдалану мерзімі өтіп кеткен», дейді жауапты мекеме өкілі. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алайда материалдық шығынға батқан тұрғындар жауапты мекемеге жазбаша түрде арыздана алады. Айта кетерлігі, шыдас бермеген жылу құбыры жоспар бойынша келесі жылы ауыстырылмақ.

Ян Гирин, Алматы жылуэнергия кешені және ТКШ ресми өкілі:

– Жылу құбыры сағат үштерде жарылды. Бірден ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Қазір апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Жоспар бойынша түнгі сағат екіде аталған құбырды жамап, жылу беріледі. Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы