386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы елді мекенде медициналық бекет қолданысқа берілді

  • 536
  • UPD: 07:54, 27.11.2017

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ильичёвка ауылында жаңа медициналық бекет қолданысқа берілді. Кешен 500-ге жуық тұрғынға алғашқы көмек көрсетеді. Мекеме күніне 20-дан астам адамды қабылдауға қауқарлы. Нысанды тұрғызуға 15 млн теңге жұмсалған. Бастысы - ауыл халқының денсаулығы енді мамандардың бақылауында болады.

Заман талабына сай медициналық мекеменің ашылғанына қуанғандардың бірі ауыл тұрғыны Күлипа Сейтхан. Азаматшаны қан қысымы мазалағандықтан, ақ халаттылардың көмегіне жиі жүгінеді. Бұрын ем-дом қабылдау үшін аудан орталығына сабылатын. Енді алғашқы көмек осында көрсетіледі. 

Күлипә Сейтхан, ауыл тұрғыны:

- Бұрын Тайынша ауданына баратынбыз. Ол жол алыс. Жол бәрі жаман. Солай шаршап, көлік жоқ таба алмай солай баратынбыз. Енді оңды мында бәрі. Орын жылы, жатып емделеміз. Келіп уақытында уколымызды аламыз. Мынау дәрігерлерге ауырсаң, жақын жерен келіп қаралып тұрамыз. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұрғызылған медициналық бекет қыркүйек айында халық игілігіне берілді. Жаңа ғимаратты жеке кәсіпкер өз қаражатына тұрғызған. Жоба құны 15 миллион теңгеден асып жығылады. 

Алтын Кәрімжанова, медбике:

- Мен өзім міне 11 жыл істеп жүрмін. 11 жыл расында да қиыншылық көп болды. Суық жерде отырдық. Көп кісілерге үйге барып укол істейтін едік. Қазір енд бәрі осында келіп, уколдарын алып, рахат оңды болып тұр. Медициналық жабдықтар бәрі жаңа. Ультрафиолетовая облучение әкеліп берді. ЭКГ істейміз.  

Қалталы азаматтардың ұйытқы болуымен қазір өңірде әлеуметтік маңызы бар нысандар көптеп бой көтеріп келеді. Мәселен тек «Рахани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін жалпы сомасы 184 миллион теңгенің 5 жобасы жүзеге аспақ. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы