384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда заман талабына сай мұз айдыны бой көтереді

  • 468
  • UPD: 08:42, 27.11.2017

Келер жылы Ақтауда заман талабына сай мұз сарайы салынады. Жергілікті билік осылайша кенже қалған қысқы спорт түрлерін дамытуға бет бұрмақ.

Нысан жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылады. Аймақ басшылары облыстық мәслихаттың депутаттарына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды. Алдағы жылы құны 57 млрд теңге болатын 7 бастама іске асады. Олардың қатарында Құрық ауылында бой көтеретін теңіз суын тұшыту зауыты мен кәріз жүйесін тазалайтын қондырғының құрылысы бар. 

Шолпан Ілмұханбетова, облыс әкімінің орынбасары:  

- Денсаулық сақтау саласындағы 2 жоба. Олар Жаңаөзен қаласындағы гемодеализ орталығының қызметін ұйымдастыру, құны 51 миллион теңге тұрады және Мұнайлы ауданындағы орталық аурухананың зертханасын мүліктік жалға беру. Жобаның құны – 57 миллион теңге.

Хабар 24 телеарнасы