384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда стартап-жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 684
  • UPD: 12:39, 27.11.2017

Алматы облысының орталығы Талдықорғанда стартап-жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Оның ішінде еріген қар мен жаңбырдың суын аулаларды көгалдандыруға арналған жоба да бар.

Оны Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері әзірлеген. Шәкірттер оқу ғимараттарының суағарынан аққан суды цистерналарға жинап, оны көгалдандыру жұмыстарына пайдалануды ұсынып отыр. Оған 10 мың текше метр су сияды. Жобаның жалпы құны 3 миллион теңге. Университет жыл сайын ауланы абаттандыруға кететін су үшін коммуналдық кәсіпорындарға осыншама қаржы төлейді. Сондықтан бұл үнемділік тұрғысынан алғанда өте тиімді жоба. Университет басшылығы қаржыландыру мәселесін шешіп берсе, құрылғыны орнату жұмыстарын көктемде бастап кетеміз. Жоба авторлары осылай дейді.

Әділет Айтқазы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті: 

-Бұл қар және жаңбыр сулары еріген уақытта ол суларды жинап, сол арқылы университет көлемінде көгалдандыру жұмыстарына өте тиімді және пайдалы болып табылады. Егер де 3 млн. қаражат бөлетін болса, 4 жыл көлемінде университетке 8 млн теңгеге дейін пайда алып келеді.

Хабар 24 телеарнасы