386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзендегі жол апатынан зардап шеккендерге 20 млн теңге бөлінеді

  • 733
  • UPD: 21:33, 27.11.2017

Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылының теміржол өткелінде болған көлік апатынан зардап шеккендердің отбасыларына 20 млн теңге бөлінеді.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен апаттан қаза тапқандардың отбасына 1 млн, ал ауыр халде ауруханада жатқан 9 адамға 500 мың теңгеден беріледі. Тағы 18 адамға 300 мың теңгеден көмек көрсетіледі. Бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен жиында өңірдегі мемлекеттік орган қызметкерлері бір күндік жалақысын қайырымдылық қорға аудару туралы шешім қабылдады. Қазір арнайы комиссия 9 адам көз жұмған апаттың себебін анықтап жатыр.

Алдирза Қуанышкереев, өңірлік ІІД басшысының орынбасары:

– Көлік апатына қатысты заңның екі бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сол күні теміржол өткелінде кезекшілік атқарған адамнан ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес жауап алынуда. Нарколог-дәрігер күдіктінің жұмыс уақытында мас болғанын айғақтап отыр.

Клара Оралбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы:

– 9 науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Олардың үшеуі бүгінгі таңда облыс орталығына жеткізілді. Екеуі облыстық балалар ауруханасына, біреуі облыстық ауруханаға жеткізілді. Өзен қаласында жатқан науқастардың жағдайы бірқалыпты ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен орталықтан екі маманбалалар травматологы және хирург келді.

Хабар 24 телеарнасы