387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы инновациялық конгресте кәсіпкерліктің негізгі тіректері туралы сөз болды

  • 568
  • UPD: 18:28, 28.11.2017

Жаңа технология кәсіпкерліктің тірегі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Инновациялық конгресте айтылды. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырған басқосудың Алматыда өтуі тегін емес.

Өйткені қаладағы салықтың 40 пайызы шағын және орта бизнестен түседі. Оның үстіне агенттік биыл грант бөлуді қайта жаңғырып, 2,8 миллиард теңге жұмсайды. Алайда талаптары өзгерген. Бұрын кәсіпорын технология құнының тек 20 пайызын төлейтін. Енді кәсіпкер мен Агенттік теңдей бөліп төлейді.  Сондай-ақ кәсіпорын технология трансферіне кеткен шығынды үш жылдың ішінде ақтауы керек. Талаптардың күшеюіне қарамастан инновациялық грант алуға 200-ден астам өтініш түскен. Конгресс аясында шетелден келген білікті мамандар шеберлік дәрістерін де өткізді.

Марат Омаров, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы:

- Егер кәсіпкер жобаға өзінің қомақты қаржысын салса оның жауапкершілігі артады. Жоба құнының 80 пайызын грант есебінен алса немқұрайды қарайтыны анық. Сондықтан тәуекелді тең бөлісейік деп шештік. Өйткені грант бюджеттің ақшасы ғой.

Дишант Махендру, Cambridge Innovation Consulting директоры:

- Шағын және орта бизнеске назар аудару керек. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мен химия өнеркәсібінің болашағы зор. Егер осы екі салаға инвестиция салынатын болса үлкен жетістікке жетіп, экспорт көлемін ұлғайтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы