384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше қаласындағы мектептерде жалпыұлттық «жасыл сабақ» өтті

  • 987
  • UPD: 19:02, 28.11.2017

Еліміздің бірнеше қаласындағы мектепте 1 миллионнан аса оқушының қатысуымен жалпыұлттық «жасыл сабақ» өтті.

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы қолға алған жоба мақсаты - оқушыларға қоршаған ортаны аялауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бейімдеу және коммуналдық игіліктерді ұтымды тұтыну қағидаларын үйрету. Жоба аясында психологтар мен педагог мамандардың арнайы қатысуымен «жасыл сабақ» атты әдістемелік құрал әзірленді. Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне көмекші болса, оқушыларға танымдық оқулық ретінде ыңғайлы етіп дайындалған. Жоба жетекшілерінің айтуынша, «жасыл сабақтар» арқылы жас буын өкілдерінің бойында қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімі қалыптасады. 

Илана Ғазизова,  4 сынып оқушысы: 

- Бұл сабақта бізге қалай өзімізді ұстау керк, қалай табиғатты жалғастыру керек, суды қалай, жерді қалай ұстау керек. Біз оны білсек жеріміз үлкен жақсы болады. Және бізді оқушыларды тазалыққа, үйді, жерді тазалықта ұстауды үйретеді. 

Әсия Қуанышәлиева,  мамандандырылған №8 облыстық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:  

- «Жасыл сабақтар» кезінде оқушыларға ауыз су мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалануды үйретеміз. Балалар қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жолдармен жою және оларды қайта пайдалану бойынша мағұлмат алады. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мен қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды қолдануға баулитын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы