386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының сауда орындары іске қосылды

  • 472
  • UPD: 13:56, 30.11.2017

Мұнда картоп, сәбіз, орамжапырақ, қызылша және пияз базар бағасынан әлдеқайда арзан.

Жергілікті агрофирмалардан 7,5 мың тонна өнім сатып алынған. Жалпы құны – 364 млн теңге. Қазір Семей мен Өскеменде 66 арнайы дүңгіршек болса, олардың 13-і әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі.

Антон Крамаренко, «Ертіс» ӘКК ҰК» төрағасының міндетін атқарушы:

- Корпорацияға тиесілі орындарды көбейту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бұрын 9 нүктеміз болса, қазір олардың саны 13-ке жетті. Енді Семейде осындай өз нүктелерімізді ашпақпыз. Жергілікті әкімдікпен осы мәселелерді талқылап, жер бөлу жолдарын қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы