389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары әскерилерді баспанамен қамту туралы заң жобасын талқылады

  • 614
  • UPD: 15:27, 30.11.2017

Бүгін әскери азаматтарды баспанамен қамту туралы заң жобасы Сенат депутаттарының жалпы отырысында қолдау тапты.

Халық қалаулылары құжатты бірінші және екінші оқылымда талқылап, бірауыздан дауыс берді. Бұл заң жобасында тұрғын үй төлемдері мен ақшалай өтемақы алу тәртібі реттелді.

Оған сәйкес, әскерилер ақша жинап, 15 жыл ішінде жеке пәтерге ие бола алады. Баспана аумағы отбасы мүшелерінің санына қарай есептеледі. Әр адамға 18 шаршы метр тиесілі. Сондай-ақ құжатта қаза тапқан әскерилердің отбасына үй беру және өтемақы алу құқығына кепілдік беру қарастырылған.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасар:

- Әскери қызметші кез келген өңірде өз меншігіне алатын тұрғын үйдің түрін, не пәтер, үй және сипатын, яғни ауданын, жобалауын, қабатын өз бетінше таңдай алатынын атап өткен жөн. Әскери қызметші төлемнің жартысын баспана жалдауға, жартысын тұрғын үй сатып алуға жинақтауға құқылы болады. Отбасы құрамы артқан кезде, тиісінше тұрғын үй төлемдері де ұлғаяды.

Хабар 24 телеарнасы