383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды қаласында заманауи бөбекжай пайдалануға берілді

  • 481
  • UPD: 14:46, 01.12.2017

Қарағанды қаласында мерекеге орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен жаңа балабақша ашылды.

Музыкалық зал, шағын кинотеатр, денешынықтыру кешенімен жабдықталған заманауи бөбекжайда балаларды тасымалдайтын автобус та қарастырылған. Айнұр Әбдеева, тілші:

– «Бота» балабақшасы –  Пришахтинскте биыл ашылған үшінші бөбекжай. Жаңадан салынған мектепке дейінгі мекеме Қарағанды қаласының ірі ауданындағы балабақша кезегінде тұрған балалар санын екі есе азайтты.

«Бота» балабақшасына мемлекеттік тапсырыспен 150 бала қабылданған. Мұнда  бөбектерді бір жарым жастан бастап қабылдайтын сәбилер тобы бар. Келешекте бөбекжайдағы орындар көбейіп, 300-ге жуық бала қабылданады деп жоспарлануда.

Саягүл Бакирова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

– Менің екі балам осы балабақшаға келеді. Балабақша өте кең, тамақтану да қарастырылған. Жалпы осы жылдары қаламызда көптеген балабақшалар ашылып жатыр, оның барлығы Елбасының саясатының арқасында. Балаларға барлық жағдай жасалған, мұнда музыка залы, денешынықтыру залы, ағылшын тіліне үйретеді. Балалар жақсы көңіл күймен келіп, жақсы көңілмен қайтады.

Айнұр Әбдева, тілші:

– Балабақшада тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды тасымалдайтын автобус қарастырылған. Жалпы Қарағандыда 2017 жылы 19 жеке балабақша ашылып, 1900-ге жуық бала қамтылды. Оның тең жартысы мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы аясында қабылданды.

 

Хабар 24 телеарнасы