385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараз тұрғындары мерекелік марафонға қатысты

  • 602
  • UPD: 07:42, 02.12.2017

Мақсат – бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Мерекелік бастамаға қалалық мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысты. Жалпы саны 1000-ға жуық адам жиналды. Олар орталық Достық алаңынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүгіріп өтті.

Мұндай шара шаһарда жыл басынан бері 4-ші мәрте өткізіліп отыр.  Айта кету керек, қазір өңірде 317 мың адам бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты түрде шұғылданады. Бұл жалпы аймақ халқының 24 пайызы.  

Алмаз Тұрсынов, қала тұрғыны:

– Президент күнімен құттықтаймын! Осындай мереке болғанына қуаныштымын. Әрқашан осындай мерекелерге қатысып тұрамын. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Жылдан жылға қатысушылардың саны көбейсін деп өзім ниетім бар сондай. Барлықтарыңызды шақырамын осындай жүгіруге қатысуға.

Нұржан Жолдасбеков, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

Бұқаралық шаралар халықтың спортқа тартылуын еселей арттырады. Әсіресе жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға үлкен насихат болып табылады. Достық орталық алаңынан Тұңғыш Президент саябағына дейін өткізіледі. Бұл 2400 метрді құрайды. Бұл біздің президенттік миль болып есептелінеді.

Хабар 24 телеарнасы