386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маттиас Дорнфельдт: Су жаңа елорданың іргесін қалауы – Н.Назарбаевтың ерен еңбегі

  • 419
  • UPD: 15:18, 02.12.2017

Германиялық сақа сарапшылар қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен әлі де қызу құттықтап жатыр.

Елбасы жайлы жылы пікір айтқан неміс саясаттанушысы Маттиас Дорнфельдт Президенттің тәуелсіз қазақ елінің қалыптасуына сіңірген зор еңбегін жоғары бағалап отыр.

Оның ойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан әлемге өзінің халықаралық саясатымен танылып отыр. Антиядролық бастамалары, қарусыздануға шақыруы, Астанада Сирияға қатысты бейбіт келіссөздер жүргізуі ерекше құрметке лайық.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

– Мен қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Совет үкіметі құлағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды бүкіл Еуразияда өз орны бар Орталық Азиядағы басты мемлекет етті. Қуатты, тәуелсіз ел қылды. Сіздердің Президенттеріңіздің арқасында Қазақстан Еуропалық одақпен және басқа да елдермен қарым-қатынас жасай отырып,  көпвекторлы халықаралық саясатты жүргізіп келеді. Елбасының тағы бір ерен еңбегі бұл – су жаңа  елорданың іргесін қалауы. Қазақстанның  Астанасы Сирия секілді басты тақырыптарды талдайтын халықаралық келіссөздер мен кездесулер өткізетін маңызды алаңға айналды. Н.Ә. Назарбаевтың антиядролық бастамасын баса айтқым келеді. Мысалы, БҰҰ мен халықаралық қоғамдастық 29 тамызда ядролық сынаққа қарсы іс-қимылы халықаралық күнін атап өтеді. Бұл Қазақстан мен сіздердің Президенттеріңіздің еңбегі.

Хабар 24 телеарнасы