366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адвокаттар мен прокурорлар журналистерді Қ.Бишімбаевтың ісіне қатысты әділ ақпарат таратуға шақырды

  • 346
  • UPD: 21:29, 05.12.2017

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қ.Бишімбаевтың ісіне қатысты қылмыстық процестің арнайы тапсырыспен жүргізіліп жатқаны жөнінде негізсіз ақпарат таратқан.

Адвокаттар айтқан сын-пікірмен мемлекеттік айыптаушы Сәуле Сыдықова да келіседі. Ол кейбір басылым өкілдері жалған материалдарға сілтеме жасағанын алға тартып отыр. Осы ретте судья Әділхан Шайхисламов сот отырысына қатысушылар мен БАҚ өкілдеріне ықтимал болжам жасап, кінәлі немесе кінәлі еместігіне қатысты қандай да баға бермеудің қажеттігін атап өтті.

Сәуле Сыдықова, мемлекеттік айыптаушы:

– Негізсіз жарияланымдардың нәтижесінде сотқа қысым көрсетіліп жатыр. Осыған байланысты «Время» газеті мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сот процесін объективті түрде ақпараттандыруын және адвокаттардың істі қарау кезінде болжам жасамай, тек нақты мәліметтерді негізге алуын сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы