384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары туралы кітап жарық көруі мүмкін

  • 833
  • UPD: 21:51, 05.12.2017

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын әлем тануы тиіс.

Ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін насихаттау жалғасын табады. Олардың еңбегін қоғамға кеңінен таныстыру мақсатында Жол картасы дайындалады. Мәселен, олар жайында кітап жарық көріп, деректі фильм түсіру жоспарда бар. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қоғамдық кеңесіне қатысушылар осындай ұсыныс білдірді. Сондай-ақ қатысушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмалардың орындалу барысын талқылады.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы:

«Рухани жаңғырудың» әр бағыты бойынша арнайы айдар ашты. Оған үлкен бет арнадық. Бүгінге дейін 700-ге жуық мақала жарық көрді. Соның ішінде латын әліпбиіне қатысты халықаралық сарапшылардың материалдары, «Туған жер», «Киелі Қазақстан», «100 Жаңа есім» тағы да басқа айдарлар бойынша жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы