384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Академик Қ.Сәтбаевтың әкесіне берілген төсбелгі Павлодардағы мұражайға қойылды

  • 604
  • UPD: 09:42, 06.12.2017

Қазақтың тұңғыш академигі, геолог, көрнекті қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантай бидің төсбелгісі  Павлодар облыстық сотының мұражайына қойылды.

Бұл құнды жәдігер 1891 жылы Ресейде жасалып, қазақ билеріне берілген екен. Жәдігер осы уақытқа дейін  академиктің туған жері Теңдік ауылындағы мектеп мұражайында сақталған. Тарихи деректерде Имантайдың әкесі Сәтбайдың да кезінде төрелік қызмет атқарғаны айтылады. Қаныш Сәтбаевтың өзі де Баянауыл өңірінде еңбек жолын халық соты қызметінен бастаған. 

Ербол  Жанғазин, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы: 

- Бір байқағанымыз патша заманы кезінде лауазымдық белгі берген кезде мынау жергілікті халықтың пікірін де ескергені көрініп тұр. Өйткені сот белгісінде біздің жұлдыз бен ай мұсылмандық белгіміз, екінші жағынан, оның ішінде біздің түйеміздің суретін салып, сонау Петербордан келген. Біздің атадан қалған мұрамыз осындай төсбелгіні біз енді сақтап, аманат ретінде ұстаймыз деп уәде береміз.

Хабар 24 телеарнасы