366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды

  • 418
  • UPD: 12:42, 07.12.2017
Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшілігі Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай қабылдау өткізді.

Бұл туралы TRT ақпараттық порталы хабарлады.

Екі елдің ұлттық ән ұрандарының шырқалуымен басталған қабылдауға шетелдік миссия өкілдері, қазақ диаспорасы, қазақстандық студенттер келді.

Қабылдауға Түркия Республикасының вице-премьері Хакан Чавушоғлу да қатысты. Чавушоғлу фетхуллахшы террор ұйымымен күресте Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетті.

«Тығыз ынтымақтастық арқылы фетхуллахшы террор ұйымымен күресте ортақ жұмыстар жалғасуда. Бауырластықпен жүргізілген осы күресте табысты болатынымызға сенімдіміз», – деді.

Хабар 24 телеарнасы