388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚМДБ: Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды

  • 1971
  • UPD: 21:48, 08.12.2017

Алматыда Қазақстан мұсылмандарының VIII құрылтайы өтті.

Жиынға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі, діни басқарманың төралқа мүшелері, сондай-ақ теолог-ғалымдар мен еліміздің әр облысынан делегаттар қатысты.

Соңғы бес жылда атқарылған ауқымды іс-шаралар нәтижесінде 4967 адам радикалды райынан қайтып, басқа ағымда адасып жүрген 940 адам ханафи мазхабына бет бұрған. Кәсіби имамдар қатары көбейіп, олар мүфтияттың халықты рухани ағарту жұмыстарына серпін берді. Сондай-ақ ел арасында дәстүр насихатталып, дін мен дәстүр жайлы кітаптар шығарылған. «Ең бастысы адасып жүрген жастардың діни сауаттылығын ашуға мән беру маңызды», деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

– Біз ескірген құндылықтарға байланбай, ашық дүниетанымға ие болуымыз керек. Сіздермен ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деп үміт артамыз. Сіздердің рухани әлеуетіңіз ислам туралы біліміңіз ел үшін, қоғам үшін қажет.

Құрылтай соңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қайта сайланып, бұл қызметті Серікбай қажы Ораз атқаратын болды. Серікбай қажы Ташкент, Мысыр елдерінде діни дәріс алып, Исламабад және еліміздегі «Нұр Мүбәрак» университетінде білімін жетілдірген. Алматы, Астана мешіттерінің наиб және бас имамы қызметтерін, 2013 жыдан бері наиб мүфти қызметін атқарып келді.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

– Мен осы үлкен қызметті бар күш-жігерімменен, әріптестерімнің көмегімен ислам діні ол өркениет пен мәдениеттің, ғылымның діні сол ислам діні өкілдерінің және біздің халқымызда сонау бабалардан қалыптасқан дәстүрлі исламның қазақ исламтану діни мектебінің жаңғырта отырып, алдымызға қойған мақсатты жұмыстарымызды бірге атқарамыз деп мен ойлаймын.

Жаңа сайланған мүфти ел арасындағы бірлік мен ынтымақты және діндер арасындағы татулықты сақтай отырып, жұмыс жасауға тәуекел етті. 

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Ермек Әбдірахманов

Хабар 24 телеарнасы