384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туған жер: Ауылдастарының алғысын алған азаматтардың бірі – Жақсылық Үшкемпіров

  • 1608
  • UPD: 13:52, 08.12.2017

Бүгінде ауылдың көркеюіне атсалысып жүрген азаматтар аз емес.

Солардың бірі – Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров. Алматы облысы Мыңбай ауылында мал шаруашылығын дамытып, бірқатар әлеуметтік мәселенің шешілуіне ықпал еткен ардагер спортшы ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүр.

Жақсылық Үшкемпіровты білмейтін қазақ жоқ. Кеңестер заманында жауырыны жер иіскемеген балуанның спорттағы жетістіктері жылнамада жазулы. Бар күш жігерін спортқа арнаған ағамыз бүгінде ауыл жағдайын көтеру үшін еңбектеніп жүрген жайы бар. 2006 жылдан бастап 6 мың тұрғыны бар Мыңбай ауылында мал шаруашылығымен айналысуды қолға алған. Бүгінде ірі-қара саны 12 мыңнан асады. 

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

– Осы ақ бас сиырменен әулиекөл сиыры етті бағыттағы .Онан кейінгі Сантагер дейді бұрынғы қызыл сиыр. Соны мен көбейтіп келе жатырмын.

Салмағы 1 тоннаға жететін ақ бас сиырларға сұраныс көп. Қазір  бұл  шаруа қожалығы Қырғызстан мен Ресейден бөлек, Қытайға ет экспорттайды. Жақсылық ағамыз қолы қалғанда атқа мінуді әдетке айналдырған. Ата-баба дәстүрімен аламанға ат қосып, сәйгүлік баптайды.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

– Жылқыға қанша мынау сиыр малы тұрса да бір үйір жылқы өтсе, көзімізбен сүзіп, сондай бір бізге қалған тәлім тәрбие. Сол біздің бабалардан қалған біздің генамыздың сол тазылығы. Жылқы десе көзіміз жайнап кетеді.

Ісі өрге басып, қолы ұзарған соң, ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысты.  Алдымен  көгілдір отынның келуіне мұрындық болады, одан кейін ізін басып келе жатқан жастарға арнап спорт кешенін тұрғызып берді. Мәдениет үйінің ашылуына ықпал етеді. Мұнымен қатар мың орындық балабақша да салып берген. 

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

– Қанша жыл жастық шағымның бәрін спортқа бердім. Енді мынау жастарға үлгі ретінде,  бұл баюдың жолы емес, бұл – әрібір азаматқа ой тастау. Біз өзімізді өзіміз көтеруіміз керек. Қаншама қалталы жігіттер бар.

Сондай-ақ ауылдағы қаңырап бос тұрған ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, үйсіз жүрген тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз етті. Ауыл балаларына балуан ағасымен кездесу – зор мақтаныш. Өзі де – үш ұлдың әкесі. Үлкені Жандос спорт саласында. Ал бүкіл мал шаруашылығына жауапты Елдосты қасынан тастамайды. Олимпиада чемпионы  атанған жылы дүниеге келген кенжесі Жеңіс бизнеске ден қойған. Үш ұлдан 8 немере сүйіп отыр. Жақсылық  ағаның  ендігі арманытек елдің тыныштығы.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

– Халықтың бірлігі болса екен, тыныштық болса екен, бейбітшілік болса екен,біздің  халқымыз басқа халықтың алды болса екен деймін.

Жақсылық Үшкемпіров секілді жақсылақ жасауға жаны құмар жандар көп болса, қазақ елінің мәртебесі қашанда биік болмақ.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

 

Хабар 24 телеарнасы