389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Георгий Каламанов: Астана EXPO 2017 – көрме өткізудің көрнекті үлгісі

  • 571
  • UPD: 09:47, 09.12.2017

Astana EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің керемет үлгісі болды.

Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы кеңсесінде Ресей павильонының бас комиссары Георгий Каламанов осындай пікір айтты.

Георгий Каламанов, Astana EXPO 2017 көрмесіндегі Ресей павильонының бас комиссары:

- Мен Сарагоса мен Йосудағы көрмелерде болдым. Сондықтан Астана көрме өткізудің көрнекті үлгісі деп айта аламын. Өйткені ұйымдастыру және басқа да іс-шаралар өте жоғары деңгейде дайындалған. Көрмеге жүзден астам ел мен халықаралық ұйым қатысты. Ресей де ЭКСПО-да көптеген шараны жүзеге асырып, көш басынан көрінді. Астана біз үшін 3 ай бойы негізгі іс-шара алаңына айналды. Ресейден көп делегация қатысты. Бір сөзбен айтқанда, ЭКСПО елден ерекше жоғары деңгейде  өтті.

Хабар 24 телеарнасы