389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалық офисі ашылды

  • 1053
  • UPD: 09:46, 09.12.2017

Жаңа орталық 5 интерактивті алаңшадан тұрады.

Бұл жерден кез келген азамат Рухани жаңғырудың бағыттары туралы ақпаратты электронды түрде ала алады. Сонымен қатар 100 жаңа оқулық, латын әліпбиін үйрету, компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында жұмыс істейді. Облыстағы туризм, Қазақстанның жүз киелі жеріне енген 8 нысан бойынша ақпарат, видео, фото материалдармен де танысуға мүмкіндік бар. Ұйымдастырушылар: «Бұл бастама Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыт-бағдарларды тиянақты әрі нәтижелі жүзеге асыруға септігін тигізеді», – дейді.

Айта кеткен жөн, қазір облыста осы мақсатта 80-нен астам жоба жүзеге асырылып жатыр.

Айбек Әжібаев, өңірлік жобалық офистің әкімшісі:

- Тәрбие-білімде 30, Рухани қазынада 39, Атамекенде 13 деген сияқты. Солардың әрқайсысының жүзеге асыратын жеке менеджерлері бар. Басқармалар, жергілікті орган қызметкерлері келіп осы жерде жұмыс жасай алады. Бұған дейін аппаратта отырдық қой. Аппаратта кабинет кішкентай, мүмкіндік жоқ. Қазір адам көп. 80 адам бір уақытта келіп жұмыс жасауға болады.

Хабар 24 телеарнасы