385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананың мектеп оқушылары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді

  • 507
  • UPD: 21:43, 09.12.2017

Бұл – Назарбаев зияткерлік мектебі қолға алған жоба. Курсқа 14-пен 18 жас аралығындағы 30 оқушы қатысты.

Үш ай бойы жоғары сынып оқушылары бизнес идеялар ұсынып, оны жүзеге асырудың тәсілін үйренді.

Іскер азаматтар да қалыс қалған жоқ. Олар болашақ кәсіпкерлерге дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздардың айтқандарын қағып алған оқушылар веб-сайт жасап, мобильді қосымша әзірледі.

Сауда, туризм, тіпті жасыл экономика саласында бірегей жобаларын ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік өнертабыс қала мектептерінде жүзеге асырылады.

Қазыхан Марғұлан, курсқа қатысушы:

– Біз жаңа веб-сайт құрдық, бұл веб-сайттың негізгі тәсілі, бұл басқа стартаптарға көмек беру. Мысалы егер сіздің қалаңызда осындай іс-шаралар өте бермесе, бірақ сіз топ құрғыңыз келсе, онда біздің веб-сайт арқылы не істей алатыныңызды толтырып, өз тобыңызды құрай аласыз. Бұл іс-шара маған стартаптың не екенін түсіндірді, онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірді және топтық жұмысты жалпы блілімді ұлғайтты деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы