385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда «Қансонар» бүркітшілер сайысы өтуде

  • 658
  • UPD: 23:17, 09.12.2017

Аталған байрақты бəсеке биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

Еліміздің құсбегілерінен бөлек көрші Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елінен саятшылық өнерінің майталмандары жиналды.

Бас-аяғы 50-ден астам құс қолға қону, еркін ұшу және шырғаға салу сайыстары бойынша сынға түсті. Сайыстың жүлде қоры да қомақты. Республикалық Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы аталған жарысқа 2 млн теңге қаржы бөлген.

Ал жергілікті әкімдік бас жүлдеге жеткен қатысушыға жеңіл автокөлік мінгізеді. Айта кетейік, «Қансонар» бүркітшілер турнирі Көкше жерінде соңғы 12 жыл қатарынан тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал биылғы бәсеке Тәуелсіздік күнінің қарсаңында, ақмолалық атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлының құрметіне ұйымдастырылды.

Марат Қойшин, турнирдің бас төрешісі:

– Басқа мемлекеттермен біздің ережелеріміз мынау бүгінгі күннің талабына сай. Жануарларға қиянат көрсетпей, қоян, қасқыр, түлкіге салмаймыз. Тек қана шырғаға салу. Шырғаға салу – жануардың терісі. Аттың құйрығына 50 метр жіпке байлап тартады. Уақытты аламыз ұшқанын, алғанын. Сонымен арасынан чемпион шығарылады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы