384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темірге жан бітірген алматылық оқушылар өз роботтарын сынға салды

  • 560
  • UPD: 09:53, 10.12.2017

«IITU Robocon Games» чемпионатында 15 команда өзара мықтыны анықтады.

Мегаполисте осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шара «Жасыл ғаламшар» деп аталады.

Роботтар күш сынаспайды. Бұл жерде техниканың ептілігі мен жылдамдығы сынға түседі. Дегенмен чемпионаттың шарты бойынша салмағынан бөлек, ені, ұзындығы мен биіктігі де өлшенеді.

Медет Тұрғамбаев, ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

Біз орындалатын жобаларды ғана айтамыз. Бірақ неден жасалынатынын, қандай материалдар қолданатынын өздері шешеді. Біз тек габариттері мен салмағының аспауын қадағалаймыз.

Тапсырма бойынша роботтар үш минуттың ішінде цилиндрлерді шеңберге салуы керек. Кім көп салса, сол жеңіске жетеді. Әр топ сайысқа екі роботтан қосады. Оның біреуі пульт арқылы басқарылады. Ал екіншісі автоматты робот. Ол берілген тапсырманы өз бетінше орындауы тиіс.

Самат Әмірбек, 11-сынып оқушысы:

Біз бұл роботты 3 айдай дайындадық. Дайындығымыз жақсы деп айта аламын. Болашақта осы саланы жалғастырамын деп ойлаймын.

Кейбір командалар роботты осы жарысқа ғана арнап жасаған. Ал бірқатар оқушының роботтарын болашақта экономиканың өзге саласында да қолдануға болады. «Ұйымдастырушылар командалардың саны жыл санап артып келеді», – дейді.

Медет Тұрғамбаев, ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

– Осы мектептердің кейбіріде лабораториялары мен үйірмелері бар. Дайындықтары жақсы. Биыл  Алматы облысының мектептері де қатысуда.

Чемпионаттың бас бәйгесін Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды. Оларға білім гранттары тапсырылды. Өзге жүлдегерлерге оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы