379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсет Исекешев Қазақстан астанасының ауысқанына 20 жыл толуына орай құттықтау жолдады

  • 1126
Әсет Исекешев Қазақстан астанасының ауысқанына 20 жыл толуына орай құттықтау жолдады

Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуіне 20 жыл толуына байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 10 желтоқсан – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан жиырма жыл бұрын, дәл осы күні егемен еліміздің тарихында, Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Халқымыз ел болғалы өз астанасын өзі таңдап, саяси-әкімшілік, мәдени-рухани орталығын белгіледі. Мемлекет тарихындағы ұлы көш елдің де, Елбасының да үмітін ақтады деп есептеймін. Бүгінде Астана өзге өңірлер бой түзейтін қала ғана емес, ел дамуының тірегіне айналды. 

Ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналды. Астанамыз өркендей берсін, елдігіміз мәңгі болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!» делінген құттықтауда.

Хабар 24 телеарнасы