386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сервистік-дайындау орталықтары көбейеді

  • 637
  • UPD: 11:42, 11.12.2017

Алдағы жылы Алматы облысындағы сервистік-дайындау орталығының қатары көбейеді.

Бұл мақсатта аймақтағы ауылшаруашылық жұмыстарын қарқынды жүргізу үшін тағы 5 осындай орталық ашу жоспарланған. Оларға 96 бірлік техника алынады. Қазір Жетісу өңірінде 550-ден астам жоғары сапалы техникалармен жұмыс істейтін 29 сервистік-дайындау орталығы бар. Жер жырту және жүгері, күріш, астық пен қант қызылшасын жинау кезінде де шаруа қожалықтары осы орталықтардың көмегіне сүйенеді.

Қоюмчан Омаров, облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: 

- Он сегізінші жылы осы саланы дамыту үшін тағы 5 сервистік орталық қант қызылшасына байланысты құрылады деп болжануда. Әсіресе біздің Ақсу қант зауытының жұмысқа қосылуына байланысты. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында осы мәселеге көбірек көңіл бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы