389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрық теңіз портындағы автомобиль айлағынан алғашқы жүк жөнелтілді

  • 595
  • UPD: 15:15, 11.12.2017

29 жүк көлігін тиеген алып кеме Әзербайжан астанасы Бакуге жол тартты.

Жүк көліктеріне қазақ астығы мен дәнді-дақылдар және ет артылған. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан жеткен ауыл шаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдары бар. Қазақстан мен Орта Азия елдерінің өнімдері 18 сағатта Баку портына жетіп, әрі қарай Еуропаға экспортталады.

Айта кетейік, бұл автомобиль паромдық кешені өткен аптада Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде іске қосылған болатын. Жаңа айлақ Құрыққа тасжолмен жеткізілген жүктерді жерге түсірместен, көлігімен қоса бірден кемеге кіргізіп тиеуге мүмкіндік беріп отыр.

Талғат Оспанов, Құрық порты бас директорының орынбасары: 

- Күніне екі паромды өңдей аламыз. Күніне 100-120 машинаны Құрық портынан жібере аламыз. Жалпы біздің осы автокөлік айлағының 2 млн тонна жүк жөнелтетін мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы