386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Он алты жасқа толмаған жасөспірімдер өз бетімен мешітке бара алмауы мүмкін

  • 1256
  • UPD: 19:31, 11.12.2017

Құзырлы министрлік дін туралы заңға осындай өзгеріс енгізуді көздеп отыр.

Өйткені деструктивті діни ағымдарға қатысты ата-аналардың алаңдаушылығы артқан. Сондықтан 16 жасқа дейінгі балалардың мешітке әке-шешесімен не басқа да ересек туыстарымен бірге баруын заңмен бекітпек. Сонымен қатар заң жобасына енгізілетін өзгерістер арасында қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім киюге де тыйым бар. Бұдан басқа діни қызметке байланысты қылмыстарды болдырмау үшін тәртіп сақшыларының функцияларын кеңейту де жоспарланып отыр. Жалпы заң жобасы аясында 12 заң актісіне шамамен 50-ге жуық түзету мен толықтыру енгізіледі.

Берік Арын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары:

– Біздің елімізде қоғамның жағдайы мен оның діни саладағы сұраныстары өзгерді. Діншіл адамдардың үлесі артты. Діни аудиторияға шетелден ықпал ету едәуір күшейді. Бұған ақпараттық кеңістіктің ашықтығы және жаһандану процестері де әсер етуде. Бүгінде біздер діни ұйымдармен бірлесе шешетін бірқатар қауіп-қатер пайда болды. Сондықтан дамуымыздың жаңа кезеңінде діни қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктерін жетілдіруді ұсынып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы