386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 2000 данамен монографиялық еңбектер жарық көрді

  • 485
  • UPD: 20:12, 11.12.2017

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халыққа кеңінен түсіндіретін екі бірдей монография жарық көрді.

Онда 15 шақты ғалымның зерттеулері мен әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері топтастырылған. «Рухани жаңғыруда» көзделген міндеттерді іске асыру үшін қандай мәселелерге баса назар аудару керектігі де жазылған. Зерттеушілер көбіне әлеуметтік салаға көңіл бөліп, жұмыссыздық сынды мәселелерді шешуді ұсынған. Бұған үшінші жаңғыру қалай септігін тигізетіндігі айтылады. Монографиялық еңбектер әзірге 2 мың данамен шығарылған. Әдістемелік құрал өкілеттік органдарға жолданған. Алдағы уақытта еліміздің жоғарғы оқу орындары мен кітапханаларға да таратылады. Сондай-ақ Еуразиялық интеграция институтының арнайы сайтында жарияланатын болады.

Ғани Нығметов, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

– Монография қарапайым тілде бұқаралық қауымға рухани жаңғырудың басты принциптерін көрсетеді. Соның ішінде халықтың не ойлайтыны сауалнама ретінде жазылған. Көптеген проблема да көтерілген.

Хабар 24 телеарнасы