386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайрат Әбдірахманов Сербия Премьер-министрі Ивица Дачичпен кездесті

  • 415
  • UPD: 21:41, 11.12.2017

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов елімізге жұмыс сапарымен келген Сербия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі Ивица Дачичпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы әріптестік байланысты одан әрі жандандыру жайын пысықтады. Сондай-ақ Сербия мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда-саттыққа қатысты келісім жайын сөз етті. Сербия ЕХРО 2017 базасы аясында құрылатын жасыл техологиялар мен IT-стартаптардың халықаралық орталығындағы тың жобаларды қолға алуға ниетті. Атап өтейік, еліміз бен Сербия арасындағы тауар айналымы биыл қаңтар-қазан айлары аралығында 38,7 миллион долларды құраған. 

Хабар 24 телеарнасы