384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қорғаста» заманауи қоймалар салынады

  • 812
  • UPD: 21:46, 12.12.2017

«ҚорғасШығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында заманауи қойма кешендерінің құрылысы басталды.

«Бәйтерек» холдингі мен  «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бірлескен жобасы болашақта өз жемісін береді, дейді мамандар.

Аумағы 25 мың шаршы метр болатын екі бірдей алып қойманың құрылыс жұмыстарын келер жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде мұнда мыңдаған тонна жүк сақталатын болады. Бұл халықаралық жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер мен өнім өндірушілер үшін өте ыңғайлы, сондай-ақ логистика қызметін дамытуға ықпалы зор болмақ. 

Хишам Бельмааши, «ҚорғасШығыс қақпасы» АЭА басқарушы компаниясының бас операциялық директоры:

- Бүгінгі шараның ашылу рәсімі шетелдік компаниялардың біздің жобамыз аясында ынтымақтасуға дайын екенін айғақтайды. Олар осы аймақтың келешегіне сенеді және осы жобаның логистикалық даму бағытын көріп отыр.

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда экономикалық қарым-қатынастың артып келе жатқанына байланысты «Қорғас» арнайы экономикалық аймағында заман талабына сай қойма салу қажеттігі туындады. Бұл жобаны «Қазақстан темір жолы» АҚ және оның еншілес ұйымы «ҚТЖ-Экспресс» АҚ, «Verno Capital» инвестициялық қоры мен  «PNK Group» компаниясы бірлесіп жүзеге асырмақ.  

Диас Ысқақов, «KTZ express» АҚ президенті:

- Арнайы экономикалық аймағында инвесторлар үшін барынша жағдай жасалған. Мұнда тиімді салық жүйесі қарастырылған, кедендік баж салығы тіпті жоқ десе де болады. Қазіргі инфрақұрылым жобаның қысқа мерзімде жүзеге асуына мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» бұл жобаларды «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында жүзеге асыруда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның терминалдық желісін әрі қарай дамытуға қызмет етеді.

Авторы: Жандос Айтбайұлы

Хабар 24 телеарнасы