384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латвиялық депутаттар Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 575
  • UPD: 07:32, 13.12.2017

Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық EXPO көрмесі аясында сауда-экономикалық тұрғыдан жаңа сатыға көтерілді. Латвияның Қазақстанмен серіктестік бойынша парламент тобының мүшесі Виталий Орлов осылай дейді.

Виталий Орлов, Латвия парламентінің депутаты: 

– Мен әріптестеріммен Қазақстанның барлық тұрғынын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 26 жылда жеткен жетістігі еселене берсін. Сондай-ақ EXPO көрмесі үшін алғыс білдіргім келеді. Ол тек Қазақстан үшін емес, еларалық, үкіметаралық серіктестікке серпін берді. Жақында Латвия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толады. EXPO көрмесінде жасалған келісімдер екіжақты қатынастарды дамытатынына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы