366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алдағы тәуліктерде аяз күшейеді

  • 2063
  • UPD: 23:47, 13.12.2017

Алдағы тәуліктерде елімізде аяз күшейіп, қыс қаһарына мінеді.

Әсіресе солтүстік және орталық өңірлерде сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал еліміз бойынша күн  райы қалыпты нормадан 2-5 градус төмен болады дейді синоптиктер. Сонымен қатар кей жерлерді қалың тұман басады. Бірақ, жауын-шашын болмайды. Күннің күрт салқындауы мереке күндері де сақталады.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі:

- Қазақстанның ауа райына суық антициклон әсер етеді. Сондықтан да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман сақталады. Ауаның температурасы климаттық нормадан 2-5 градус төмен болады.

Хабар 24 телеарнасы